Меню

Страницы

Статья

Қытай нарығына отандық кәсіпорындар үшін электрондық сауда шекаралары кеңеюде

2022 жылғы 12 желтоқсанда Ханчжоу қ. (Чжэцзян өлкесі) алғашқы «Жаһандық цифрлық сауда көрмесі» ашылды. Іс-шараға электрондық коммерция саласындағы жетекші әлемдік компаниялар – «Alibaba Group», «Amazon», «JD.com», «eBay Inc.» және басқа да 800-ден астам қытайлық және шетелдік салалық кәсіпорындар қатысуда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Көрме аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «QazTrade» АҚ мен «Alibaba.com» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Шэн Цюпин қатысты.

Меморандум отандық өндірушілерге Export to China жаңа бірлескен жобасы бойынша өз өнімдерін Қытай нарығына экспорттауға жәрдемдесуге бағытталған.

Аталған жоба «Alibaba Group» арналары арқылы Қытайда одан әрі тарату үшін қазақстандық тауарларды тікелей сатып алу мәселесін ұйымдастыруды көздейді. Жобаға қатысу ҚХР-дың ірі «Alibaba Group» электрондық коммерция кәсіпорнымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүмкіндік береді, қазақстандық тауарлардың Қытай нарығындағы өкілдігін кеңейтеді және Қытайдағы экспорттық сатуды ұлғайтуға бағытталатын болады.

https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/265357-kytay-narygyna-otandyk-kasiporyndar-ushin-elektrondyk 

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы