Қытай жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы қайта тергеу аяқталды
Қытай жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы шараны айналып өту туралы ақпараттың жетуіне байланысты, ағымдағы жылдың наурыз айында демпингке қарсы қайта тергеу басталды. 2022 жылдың 7 қазанындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасына сәйкес тергеу барысында шиналарды дискілермен жабдықтау тәсілімен демпингке қарсы шараны айналып өту фактілері айқындалды
Еске сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап қытай жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы шара демпингке қарсы баж ретінде қолданылады.
Осылайша, қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тізбесіне (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес жүк шиналары 4011 20 100 0 және 4011 20 900 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталады, алайда шиналарады дискілермен жабдықтаған кезде тауарға өзге – 8708 70 990 9 коды беріледі. Шиналарды дискілермен жабдықтаған кезде демпингке қарсы баж төленбейді.
Өткізілген тергеу нәтижесінде шараны айналып өтуінен туындауы ықтимал салдарды бейтараптандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия жүк шиналарға қатысты қолданыстағы демпингке қарсы шараны дискілермен жабдықталған шиналарға қолдануды ұсынды.
Қытай металлопрокатына қатысты демпингке қарсы қайта тергеу басталды
2022 жылдың 16 қыркүйегінде шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қытай металлопрокатына қатысты демпингке қарсы қайта тергеу басталды.
Жоғарыда аталған тауарға қатысты демпингке қарсы шара демпингке қарсы баж ретінде 2012 жылдың мамырында өндірішуге байланысты кедендік бағадан 6,98-ден 20,20%-ға дейінгі мөлшерлерде енгізілгенін атап өту керек.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өтініші бойынша ҚХР-дан шыққан кассеталық мойынтіректерге қатысты демпингке қарсы тергеу басталды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес қазіргі геосаяси жағдайға байланысты кассеталық мойынтіректердің өндірісі Ресейде локализацияланған америкалық және швед компаниялары ресей нарығынан кеткен немесе қызметін тоқтатқан.
Аталған жағдайлар мойынтіректердің жетіспеушілігіне, олардың бағаларының өсуіне және вагондардың бос тұруына әкеліп соқты.
Осыған байланысты, 2022 жылдың 24 қазанында кассеталық мойынтіректерге қатысты демпингке қарсы қайта тергеу басталды.
Еске сала кетейік, айналмалы мойынтіректерге қатысты демпингке қарсы шара Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасының 2018 жылдың 21 тамызындағы № 139 шешімінің негізінде 2023 жылдың 20 тамызына дейін жарамды.
Қытай сыналы ысырмаларына қатысты демпингке қарсы тергеу аяқталды
2021 жылдың маусымында ресейлік өндірушілердің өтінішінің негізінде ҚХР-дан шыққан сыналы ысырмаларға қатысты демпингке қарсы тергеу басталды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасында тергеу нәтижелері бойынша 5 жыл мерзімінде өндірушіге байланысты және кедендік құннан 25,57-ден 36,23%-ға дейінгі көлемде демпингке қарсы шараны демпингке қарсы баж ретінде қолдануды ұсынатын баяндама жарияланды.
Украинадан шыққан ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы қайта тергеу аяқталды
2021 жылдың маусымында отандық және ресейлік өндірушілердің өтініші негізінде украиндық ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы қайта тергеу басталды.
2022 жылдың 26 қазанында Еуразиялық экономикалық комиссияның украиндық ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы қайта тергеу нәтижелері туралы баяндама жарияланды. Өткізілген тергеу нәтижелері негізінде аталған тауарға қатысты демпингке қарсы шараны 5 жыл мерзімінде ұсартуға ұсынылады.
Еске сала кетейік, Украинадан шыққан ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы шара 2016 жылдан бастап күшіне енді, демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі – кедендік құннан 26,35% құрайды.