Жұмыс тобын құру туралы бұйрық

Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің ережелерін үйлестіру және іске асыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 16 тармағының 8) тармақшасының және 2015 жылғы 12 қазандағы «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің нормаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамдағы сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің ережелерін үйлестіру және іске асыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын.
  2. Сыртқы сауда қызметі департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                     Б. Сұлтанов

 

 

Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің ережелерін үйлестіру және іске асыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы
Дата публикации
20 ноября 2020