2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама

Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2024 жылғы
20 тамыздағы № 99 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

  • ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
  • құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында 240 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 141 лицензия берілді, 89-і тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарының таусылу себебінен негізделген бас тарту берілді, сондай-ақ 10 лицензияның қолдануын тоқтату туралы өтініш берілді, оның ішінде:

  1. Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 443-НҚ және 2025 жылғы
14 наурыздағы № 101-НҚ бұйрықтарына сәйкес:

  • ірі қара малдың еті – 11 340 тонна, оның ішінде 236,526 тонна
    (2,1 %), 8 лицензия берілді, қалғаны 11 103,474 тонна;
  • құс (аяқтар) – 115 200 тонна, оның ішінде – 17 551,807 тонна
    (15,2 %), 62 лицензия берілді, қалғаны – 97 648,193 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 10 800 тонна, оның ішінде –
    5 491,741 тонна (50,8 %), 45 лицензия берілді, қалғаны – 5 308,259 тонна.
  1. Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін
    1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:

– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 420  тонна,
11 лицензия берілді;

– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна,
8 лицензия берілді;

– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде 1 200 тонна,
7 лицензия берілді.

Дата публикации
07 августа 2025