2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

анықтама

 

Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2024 жылғы
20 тамыздағы № 99 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

  • ірі қара малдың еті - 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге - 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
  • құс (аяқтар) – 128 000 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында 215 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 129 лицензия берілді, 86-і тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан асып кету немесе таусылу себебінен негізделген бас тарту берілді, оның ішінде:

  1. Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс в әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 443-НҚ және 2025 жылғы
14 наурыздағы № 101-НҚ бұйрықтарына сәйкес:

  • ірі қара малдың еті – 11 340 тонна, оның ішінде 378,671 тонна
    (3,3 %),16 лицензия берілді, қалғаны 10 961,329 тонна;
  • құс (аяқтар) – 115 200 тонна, оның ішінде – 15 639,152 тонна
    (13,6 %),53 лицензия берілді, қалғаны – 99 560,848 тонна;
  • азық-түлік қосалқы өнімдері – 10 800 тонна, оның ішінде –
    4 357,741 тонна (40,3 %), 34 лицензия берілді, қалғаны – 6 442,259 тонна.  
  1. Сиыр еті мен құс етін әкелуге арналған жаңа жеткізушілер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу тарифтік квота таусылғанға дейін
    1 наурыздан бастап жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:

– ірі қара малдың еті – 420 тонна, оның ішінде 420  тонна,
11 лицензия берілді;

– құс (аяқтар) - 12 800 тонна, оның ішінде 12 800 тонна,
8 лицензия берілді;

– азық-түлік қосалқы өнімдері – 1 200 тонна, оның ішінде 1 200 тонна,
7 лицензия берілді.

 

Орындаушы: Сауда комитеті

Дата публикации
04 июля 2025