План мероприятий по развитию рынка электронной торговли до 2027 года (№ 121-НҚ от 27.03.2025г.)

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Ә. Бектеновтің тапсырмасына сәйкес барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жөніндегі жоспарды (бұдан әрі - Жоспар) бекітті.
Жоспар 9 бөлімнен (24 тармақ) тұрады:
- электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;
- ішкі электрондық сауданы дамыту;
- логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
- электрондық саудадағы кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шаралары;
- тауарлар импорты кезінде салықтық әкімшілендіру және кедендік рәсімдер;
- электрондық сауда арқылы тауарлар экспортын дамыту және ілгерілету;
- сыртқы электрондық сауданы дамыту және реттеу;
- статистикалық есеп жүргізу;
- электрондық сауда саласындағы ақпараттық жұмыс.

План мероприятий по развитию рынка электронной торговли до 2027 года
Дата публикации
27 марта 2025