2025 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша
анықтама
Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2024 жылғы
20 тамыздағы № 99 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:
2025 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында 35 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 7-і СЭҚТН коды сәйкес келмегені бойынша және бекітілген мерзімге дейін жаңа жеткізушілер өтінімдеріне негізделген бас тарту берілді, 28 лицензия берілді, оның ішінде:
1 кезең: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 443 - НҚ бұйрығына сәйкес:
Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).
Орындаушы: Сауда комитеті