Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.
- «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақтың 8), 12), 23), 49), 57) және 58) тармақшалары алып тасталсын;
33-1 және 33-2-тармақтары алып тасталсын;
33-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын іске асыруды өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындары жүзеге асырады.»;
33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-5. КТО функцияларына:
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, кооперативтердің, дайындаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерін қабылдау, орналастыру, сақтау және дайындау;
- тиісті мамандардың, зертханалардың және арнайы жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында іске асырылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;
- сатушыларды қазіргі заманға сай сауда технологияларына сәйкес сауда орнымен қамтамасыз ету;
- КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;
- өнімді сату алдындағы дайындау;
- тауар партияларын жинақтау;
- өнімнің көтерме саудасы;
- арналардың және өнім түсу көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);
- өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындау ұйымдарына және қайта өңдеу кәсіпорындарына ақпараттық және консультациялық көмек;
- КТО-да іске асырылатын өнімнің бағаларын күн сайын жинау және оларды КТО интернет-ресурстарында (болған жағдайда) және көру үшін қолжетімді орындарда орналастыру кіреді.»;
33-7-тармақ алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.