3-1. ЖҰЖ шеңберінде Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру (2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Президентінің Жарлығымен бекітілген):
1) ЖЖҰ 7-тармағы:
Қолданыстағы СТКZ нысанындағы сертификаттардың және индустриялық сертификаттың орнына Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілімін жасау, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі - 2024 жылғы шілде айы, жауапты меморгандар - Еңбекмині, ДСМ, ҰЭМ, АШМ, ӨҚМ, БҚДА, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша).
Қазіргі жағдай:
Депутаттармен «Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бастамашылық жасалды.
А.ж. 12 тамызда № 9904 ПӘ Басшысының тапсырмасымен тапсырманы орындаудың жаңа мерзімі 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін деп белгіленді.
2) ЖЖҰ 61-тармағы:
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының базасында экспортты ілгерілететін толыққанды институт құру, онда қажетті құралдарды шоғырландыру, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы қаңтар, жауапты меморгандар – СИМ, ҚМ, ҰЭМ, ӘМ, БКДА (келісім бойынша), («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «KazakhExport» ЭСК» АҚ (келісім бойынша)
Қазіргі жағдай: орындалды
23.01.2024ж. Мемлекет басшысы «Отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сыртқы нарықтарға экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, онда экспортты ілгерілетудің толыққанды институтын құру көзделген.
ПӘ басшысының 2024 жылғы 2 ақпандағы № 9604 қарарымен тапсырма ПӘ бақылауынан алынды.
3) ЖЖҰ 64-тармағы:
Тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында:
Импорт пен өнімсіз делдалдықтың пайдасына бәсекелестікті жоюды және сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауға бағытталған реттеу талаптарын қатаңдату;
отандық өндірушілердің озық сауда құралдарына толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі – 2024 жылғы мамыр, жауапты меморгандар – СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЭМ, БҚА (келісім бойынша), АХҚО (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша).
Қазіргі жағдай:
Депутаттармен «Биржалық сауда мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына бастамашылық жасалды.
Президент Әкімшілігі басшысының А. Дәдебайдың «Ұсынылған тізімді мақұлдаймын. Тиісті жұмысты жүргізу үшін» (30.05.2024ж. 24-01-28. 24-2) қарарымен бұл тармақ ПӘ бақылауынан алынып, ҮА бақылауына берілді.
Жұмыс Президенттің а.ж. 8 мамырдағы экономиканы ырықтандыру жөніндегі № 542 Жарлығы шеңберінде жалғастырылатын болады. Орындалу мерзімі - а.ж. желтоқсан айы, аяқтау нысаны - ПӘ-не ақпарат.