"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы "Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы" № 710 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы»

№ 710 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы «Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы»
№ 710бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қарашада № 17758 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Сәйкестікті растау ережелері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалады.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

Бұйрық
Дата публикации
28 сентября 2020