«Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өздеріне қатысты төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Осы қаулы ресми алғашқы жарияланған күннен кейін, бірақ 2025 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                                                 О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2024 жылғы «___» ______

№

қаулысына қосымша

 

 

                                                             Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882

                                                        қаулысымен бекітілген

 

Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі

 

Р/с №

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

Тауардың атауы

1

2207 10 000 0

спирттің шоғырлану көлемі 80 % немесе одан астам денатуратталмаған этил спирті

2

2208 20 120 0

жүзім шарабының дистилляциясы немесе жүзім сығындысы нәтижесінде алынған сыйымдылығы 2 литр немесе одан кем ыдыстардағы коньяк, спирт тұнбалары

3

2208 60 110 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан кем ыдыстардағы спирттің шоғырлану көлемі 45,4 % немесе одан кем арақ

4

2208 90 990 0

сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирттің шоғырлану көлемі 80 %-дан кем денатуратталмаған этил спирті

5

0407 21 000 0

үй тауықтарының жұмыртқалары

6

1101 00 150

жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны

7

1001 19 000 0

қатты бидай, өзгелері

8

1001 99 000 0

бидай өзгесі

9

1512 19 900 2

күнбағыс майы және оның фракциялары таза көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада

10

2102 10 310 0

белсенді ашытқы, құрғақ

11

2102 10 390 0

белсенді ашытқы, өзгелері

 

«Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 августа 2024