Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»                  2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 325 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын қайта жаңартуды уақтылы аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігіне аудару үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1 751 000 000 (бір миллиард жеті жүз елу бір миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Дата публикации
23 сентября 2020