Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2024 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша)

Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат

(2024 жылғы 24 мамырдағы  жағдай бойынша)

 

  1. Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы ақпарат – заң жобаларын әзірлеу жоқ.

 

  1. Басым заңдардың жобалары бойынша ақпарат (Мемлекет басшысы заңдардың жобаларын басым деп айқындаған кезден бастап ұсынылады) - басым заң жобаларын әзірлеу жоқ.

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобалары бойынша ақпарат

3-1. ЖҰЖ шеңберінде Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру (2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Президентінің Жарлығымен бекітілген)

1) ЖЖҰ 7-тармағы: 

1) қолданыстағы СТКZ нысанындағы сертификаттардың және индустриялық сертификаттың орнына Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілімін жасау, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі - 2024 жылғы шілде айы, жауапты меморгандар - Еңбекмині, ДСМ, ҰЭМ, АШМ, ӨҚМ, БҚДА, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша).         

Қазіргі жағдай:

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеті (11.12.2023 ж. №7-12-301-11-14-ВН-75 хатымен) «Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына (бұдан әрі – заң жобасы) бастамашылық жасады (депутаттар арқылы бастамашылық еткен), онда СТКZ нысаны мен индустриялық сертификаттың қолданыстағы сертификаттарының орнына Қазақстан Республикасының тауарлар тізілімін құру бойынша және шығу тегі түзетулер көзделеді.

ҚР Үкіметінің заң жобасына қорытындысының жобасы мемлекеттік органдармен келісілді және Заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ВАК отырысында қарау қорытындысы бойынша мақұлданды (07.02.2024 ж. № 646 хаттама).

А.ж. 10 сәуірде Үкімет қорытынды жобасы Сенатқа енгізілді.

А.ж. 25 сәуірде Парламент Сенатымен заң жобасы Мәжіліске жолданды.

А.ж. 10 мамырда Парламент Мәжілісімен заң жобасы жұмысқа алынды.

А.ж. 28 мамырда заң жобасы Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында қаралатын болады.

2)  ЖЖҰ 61-тармағы:        

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының базасында экспортты ілгерілететін толыққанды институт құру, онда қажетті құралдарды шоғырландыру, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындау мерзімі  - 2024 жылғы қаңтар, жауапты меморгандар – СИМ, ҚМ, ҰЭМ, ӘМ, БКДА (келісім бойынша),             «KazakhExport» ЭСК» АҚ  (келісім бойынша)

Қазіргі жағдай: орындалды

23.01.2024ж. Мемлекет басшысы «Отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сыртқы нарықтарға экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, онда экспортты ілгерілетудің толыққанды институтын құру көзделген.

ПӘ басшысының 2024 жылғы 2 ақпандағы № 9604 қарарымен тапсырма ПӘ бақылауынан алынды.

3)  ЖЖҰ 64-тармағы:        

Тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында:

Импорт пен өнімсіз делдалдықтың пайдасына бәсекелестікті жоюды және сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауға бағытталған реттеу талаптарын қатаңдату;

отандық өндірушілердің озық сауда құралдарына толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі – 2024 жылғы мамыр, жауапты меморгандар – СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЭМ, БҚА (келісім бойынша), АХҚО (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша).

Қазіргі жағдай:

Депутаттар «Биржалық сауда мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына (бұдан әрі - заң жобасы) бастамашылық  (депутаттар арқылы бастамашылық еткен) жасады.

ҚР Үкіметінің заң жобасына қорытындысының жобасы мемлекеттік органдармен келісілді және Заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ВАК отырысында қарау қорытындысы бойынша мақұлданды (07.02.2024 ж. № 645 хаттама).

А.ж. 29 наурызда Үкімет қорытынды жобасы Мәжіліске енгізілді.

 А.ж. 20 мамырда Парламент Мәжілісімен заң жобасы жұмысқа алынды.

Қазіргі уақытта Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде заң жобасын талқылау басталды.

Жалпы, заң жобасы бойынша жұмыс Үкіметтің ерекше бақылауында. А.ж. 8 мамырында Мемлекет басшысы экономика жөніндегі Жарлыққа қол қойғанын, онда стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты болдырмау, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды болдырмау және а.ж. 31 желтоқсанына дейін орындау мерзімімен тауар биржалары мен клирингтік орталықтардың бағдарламалық қамтамасыз етуінің цифрлық сауда жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар көзделгенін қосымша атап өтеміз. Осы шараларды іске асыру жоғарыда көрсетілген заң жобасында көзделген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының қайталануын болдырмау мақсатында Министрлік Үкімет Аппараты арқылы Президент Әкімшілігіне ЖЖҰ 64-тармағында көзделген тапсырманы орындалған деп санау және ҚР Президентінің а.ж. 8 мамырдағы №542  Жарлығына сәйкес тапсырмаларды орындау шеңберінде (4.2.3 және 4.2.4-тармақтар) одан әрі жұмысты жалғастыру мүмкіндігі туралы хат енгізді.

 

Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2024 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша)
Дата публикации
24 мая 2024