«Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15-2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-2-тармақшасына, 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес әзірленді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі