«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Елеулі маңызды тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 151 және 152-жолдармен толықтырылсын:

«

151.

2510100000

фосфоритті концентрат

152.

2510200000

фосфоритті ұнтақ

».

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                       А. Шаққалиев

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

 

«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
09 февраля 2024