«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының2015жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) сыйақы – азық-түлік тауарларын жылжыту, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы қоюды жүзеге асыру жолымен жылжыту, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жіберуді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты, азық-түлік тауарларын берушінің сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне ақшалай төлемі;»;
20-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«20. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды қоспағанда, тауарлардың бағаларын ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарын жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді.
«Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12484 болып тіркелген) сәйкес бекітілген нормалар шегінде сауда үстемесі әлеуметтік маңызы бар тауарларды тасымалдаумен және (немесе) сақтаумен және (немесе) импорттаумен, сондай-ақ азық-түлік тауарларының табиғи кемуімен байланысты шығындар мөлшеріне ұлғайтылуы мүмкін.
Сауда үстемесіне өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуға байланысты ішкі сауда субъектісіне төленетін сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар енгізілмейді.
Ішкі сауда субъектісі (дайындаушы) тауарды сатады, ал тұтынушы сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделіп көрсетілген құнға сәйкес тауарды сатып ала алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектісі (дайындаушы, орындаушы) фото, бейне түсірілімдерді қолдануға қатысты тұтынушылардың мүмкіндігін шектемейді.»;
27-2-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көрсетілген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
28-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сауда объектілері әкімшіліктерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысын ескере отырып маңдайшаларға, витриналарға, жарнамалық материалдарға, көрмелік жабдықтар мен түрлі қалыптағы және тұрпаттағы стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің сыртқы түріне қойылатын талаптарды айқындауы қажет.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Шартта белгіленген жағдайларда және мерзімде қайта әкелуге жататын тауарды көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледі.»;
150-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4)«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 207 Заңына сәйкес фильмнің индексі туралы ақпаратқа қойылатын талаптарына сәйкес рәсімделген фильм индексі туралы.»;
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«162. Ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі реттейді.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |