Үкіметтің 2023 және 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2024 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша)

Үкіметтің 2023 және 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат

(2024 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша)

 

  1. Үкіметтің ағымдағы жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:

1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ,  сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.

         Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:

         2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.

         Заң жобалары 2023 жылғы 30 наурызда шығ. № 01-24/1368-И, 01-24/1369-И Үкімет аппаратына енгізілді.

          2023 жылғы 29 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.

 Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде жұмыс тобы отырысында талқылау өткізілуде.

 

  1. Басым заңдардың жобалары бойынша ақпарат (Мемлекет басшысы заңдардың жобаларын басым деп айқындаған кезден бастап ұсынылады) - басым заң жобалары жоқ.

       3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобалары бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін (ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының 2021 жылғы 10 маусымдағы №21-01-8. 2 Хаттамасының 4.2 тармағы) «KazakhExport «ЭС» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (бұдан әрі-заң жобасы).

2023 жылғы 11 қаңтарда № 01-16/98-жоба Үкімет Аппаратының  қарауына енгізілді.

2023 жылғы 19 қаңтарда №12-19/п-2 Үкімет Аппаратымен заң жобасы Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілді.

  2023 жылғы 13 қыркүйекте пленарлық отырыста бірінші оқылымда және 8 қарашада екінші оқылымда мақұлданды.

  2023 жылғы 15 қарашада Парламент Сенатына енгізілді.

  2023 жылғы 28 желтоқсанда заң жобасы бірінші және 2024 жылғы 11 қаңтарда екінші оқылымда мақұлданды.

  2024 жылғы 23 қаңтарда Мемлекет басшысымен қол қойылды.

  Қазіргі уақытта заң аясында қабылданатын заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

3-2. ЖҰЖ шеңберінде Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру (2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Президентінің Жарлығымен бекітілген) бойынша 2 заң жобалары бойынша жұмысты аяқтау қажет:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (депутаттық бастама арқылы) заң жобасын қабылдау мерзімі - 2024 жылғы шілде айы.

Заң жобасы Парламент Сенатының депутатары арқылы бастама жасалған.

Бас Комитеті – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті болып табылады.

Қазіргі уақытта Үкіметінің регламентінің 119-121-тармақтарына сәйкес Үкіметінің қортындысының жобасын әзірлеу және заң шығару қызметі кезінде ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару жұмыстар өткізілуде.

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (депутаттық бастама арқылы) заң жобасын қабылдау мерзімі - 2024 жылғы мамыр айы.

Заң жобасын іске асыру Парламент Мәжілісінің депутатарының бастамасы арқылы жүзеге асырылады.

2023 жылғы 23 қазанда Премьер-Министрі А.А. Смаиловпен заң жобасы таныстырылды және келісілген.

Қазіргі уақытта Үкіметінің регламентінің 119-121-тармақтарына сәйкес Үкіметінің қортындысының жобасын әзірлеу және заң шығару қызметі кезінде ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару жұмыстар өткізілуде.

 

 

Үкіметтің 2023 және 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2024 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша)
Дата публикации
25 января 2024