2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:
1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ, сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.
Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:
2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.
Заң жобалары А.ж. 30 наурызда шығ. № 01-24/1368-И, 01-24/1369-И Үкімет аппаратына енгізілді.
Аж. 29 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
А.ж. 12 қыркүйек және 5 қазан айы аралығында Парламент Мәжілісінде заң жобасына таныстырылым өткізілді.
А.ж. 19 қазан және 7 желтоқсан айында жұмыс тобы өткізілді.
А.ж. 10 қарашада Парламент Мәжілісінде қоғамдық талқылау өткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін (ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының 2021 жылғы 10 маусымдағы №21-01-8. 2 Хаттамасының 4.2 тармағы) «KazakhExport «ЭС» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (бұдан әрі-заң жобасы).
А.ж. 11 қаңтарда № 01-16/98-жоба Үкімет Аппаратының қарауына енгізілді.
А.ж. 19 қаңтарда №12-19/п-2 Үкімет Аппаратымен заң жобасы Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілді.
А.ж. 13 қыркүйекте пленарлық отырыста бірінші оқылымда мақұлданды.
А.ж. 8 қарашада заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
А.ж. 15 қарашада Парламент Сенатына енгізілді.
А.ж. 17, 21, 22, 27, 28, 30 қараша және 4, 5 и 7 желтоқсан айларында Парламент Сенаты Комитеттерінде заң жобасын талқылау бойынша отырыстар өткізілді.
Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша Парламент Сенатында жұмыс тобы жүргізілуде.