Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша)

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат

(2023 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша)

 

 

  1. Үкіметтің ағымдағы жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:

1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ,  сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.

         Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:

         2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.

         Заң жобалары 2023 жылдың 30 наурызда шығ. № 01-24/1368-И, 01-24/1369-И Үкімет аппаратына енгізілді.

          2023 жылғы 29 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.

          Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қарастырылуда, заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобы жүргізілуде.

 

 

  1. Басым заңдардың жобалары бойынша ақпарат (Мемлекет басшысы заңдардың жобаларын басым деп айқындаған кезден бастап ұсынылады) - басым заң жобалары жоқ.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобалары бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін (ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының 2021 жылғы 10 маусымдағы №21-01-8. 2 Хаттамасының 4.2 тармағы) «KazakhExport «ЭС» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (бұдан әрі-Заң жобасы).

2023 жылғы 11 қаңтарда № 01-16/98-жоба Үкімет Аппаратының  қарауына енгізілді.

2023 жылғы 19 қаңтарда №12-19/п-2 Үкімет Аппаратымен жоба Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілді.

Қазіргі уақытта осы Заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінде жұмыс тобы жүргізілуде.

  2023 жылғы 13 қыркүйекте пленарлық отырыста бірінші оқылымда мақұлданды.

 2023 жылғы 31 қазанда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысын жүргізу жоспарлануда.

 

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша)
Дата публикации
30 октября 2023