"«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңатехнологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына және «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңатехнологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына және «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізімінде:

мынадай мазмұндағы 2-тармақтың екінші абзацымен толықтырылсын:

«Тауарды көрмеге (жәрмеңкеге) шығарған жағдайда, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат берілген жағдайда, сондай-ақ, егер тауар Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін сатылған жағдайда, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, осы бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақ толықтырылсын:

«Осы тармақтың 1) тармақшасы сериялық өнімдердің шыққанын растау үшін қолданылмайды.

Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты алу үшін осы тармаққа сәйкес ветеринариялық анықтаманы ұсыну талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақ толықтырылсын:

«Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алу үшін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар талап етілмейді. Бұл жағдайда 4) тармақшаның мақсаттары үшін, тауарларды өндіруде қолданылатын шикізат пен материалдардың құнын көрсететін шарттың көшірмесі қажет.»;

мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алу үшін өтініш беруші қосымша мыналарды ұсынады:

1) өтінім берілгенге дейін кемінде 12 ай ішінде тауардың немесе оған ұқсас тауардың өндірісінің болуын растау:

- өндірістік нөмірге есеп нөмірінің берілгенін растау, немесе

- ветеринариялық анықтамалардың немесе бұрын берілген ветеринариялық сертификаттардың кемінде 2 көшірмесі, немесе

- CT-1 немесе CT-KZ үлгісіндегі тауарлардың шығу тегі туралы кем дегенде 2 сертификатты бұрын алғандығы туралы ақпарат.

Бұл ретте ұсынылған куәліктердің бірі өтінім берілгенге дейін 12 айдан ерте, ал екіншісі өтініш бергенге дейін 12 айдан кешіктірмей берілуі керек.

2) есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ екендігі туралы мәлiметтер.».

  1. «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы
    23 мамырдағы № 95 (27971) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларына:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында әкетілетін сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз өндіріс процесі аясында Қазақстан Республикасының бір өндірушісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) шығарған тауардың шығу тегін растайтын және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 10 таңбалы коды бар, және сериялық өнімдер өндірушісі болып табылатын өтініш берушіге берілетін құжат.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру осы Қағидалардың                   24-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарылым тіркелген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінімнің негізінде және Тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық топтамасын ұсыну бойынша, тіркелген күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады

мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

«24-1. «Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу және сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты қолдану туралы» 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімінде (бұдан әрі - ЕҮК шешімі) көзделген ЕҮК шешімінін № 1 қосымшада көрсетілген тауарлар үшін сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты беруге рұқсат етіледі.

Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты алу үшін тауардың шығу тегін анықтауға қойылатын талаптар, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты беру мен пайдалануды бақылау тәртібі ЕҮК шешімінде анықталған.

Егер өтініш берушіде сұралған тауарларға қатысты соңғы 2 жыл ішінде шығарылған, CT-1 немесе CT-KZ үлгісіндегі тауардың шығу тегі туралы сертификаттар болмаса, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат берілгенге дейін уәкілетті тұлға тауарлардың өндірілуін растау үшін мәлімделген тауарлардың өндірілетін жеріне барады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір партиясына рәсімделеді.

Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде тасымалданатын сериялық өнімнің шектеусіз партиялар санына қолданылады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауардың шығу тегі туралы сертификатты уәкілетті ұйымның басқа адамдарға тапсыруына жол берілмейді.

мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:

«Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат берілген өндіруші әр сертификаттың көшірмелерін өнімнің әр партиясына ілесу үшін дербес куәландырады.»;

«Егер сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сәйкес сериялық өнімдердің өндіріс процесі өндірушінің пікірі бойынша шығу критерийлері сақталмайтындай өзгерсе, өндіруші уәкілетті ұйымға осындай өзгерістер туралы және олардың себептері туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті, сонымен қатар тиісті құжаттарды қоса бере отырып, сериялық өнімдер сериясына қатысты сертификатты пайдалануды болдырмауға міндетті.

Ұсынылған құжаттарды талдауды уәкілетті тұлға 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Уәкілетті ұйым өндірушіге қабылданған шешім туралы мұндай шешім қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішіндехабарлайды.»;

3-қосымшамынадайредакциядажазылсын

 

Тауардыңшығарылғанелін
айқындау, тауардыңшығарылуы
туралы сертификат беру және
қолданысынжоюжөніндегі
қағидаларға 3-қосымша

     

 

Нысан

ҚазақстанРеспубликасынанэкспортталатын,

ҚазақстанРеспубликасынанкеріэкспортталатынтауардыңшығутегітуралы

сертификаттыалуғаарналған

өтінім

 

(уәкілеттіорганныңатауы)

 

Уәкілеттіұйымныңбасшысы

_________________________________________
(Т.А.Ә.) (болғанжағдайда)

 

20 __ жылғы«__» ___________

№ _____ өтінім

 

 ________________ нысандағы___________ тіліндегітауардыңшығутегітуралысертификаттыжәнемынадайдеректемелердіберудісұраймыз:

 

  1. Тауардыжөнелтуші, оныңмекенжайы, телефоны, факсы __________________

_____________________________________________________________________

2*. Тауардыалушы, оныңмекенжайы, елі _________________________________

______________________________________________________________________

 

3*. Тауарөндірушісі, оныңмекен-жайы, елі (тауардыңшыққанжерінрастайтынқұжаттардыңкөшірмесі: келісім-шарттың № ___, жүкқұжаттар, шот-фактура жәнет.б.)_____________________________________________________________

 

4*. Сыртқысаудашарты (келісім), оныңжасалғанкүні____________________

 

5*. Шот-фактура (шот-фактура), нөмірі, күні____________________________

 

  1. Тауартуралымәліметтер:

Тауардыңнақтыатауы

Тауарлардың саны *

Өлшембірлігі *

Масса брутто нетто, кг *

Тауарорнының саны *

Қаптаматүрі *

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ӨЖ коды

















7*. Жөнелтустанциясы (пункті) ____________________________________

8*. Межелі станция (пункт) ________________________________________

9*. Көліктүрі мен саны ___________________________________________

  1. Экспортқарұқсат және/немесе лицензия __________________________
  2. Мәміленіңсипаты: сату, айырбастау, консигнация__________________
  3. Теңгедегітауарлардыңқұны ____________________________________
  4. Есепайырысушоты, банк бөлімшесі, _____________________________
  5. Жеке тұлғаларүшін – жекесәйкестендірунөмірі, заңдытұлғаларүшін – бизнес сәйкестендірунөмірі ____________________________________________

________________________________________________________________

 

  1. БасшыныңТ.А.Ә.(болғанжағдайда), телефоны ____________________

Осы өтінімдеқамтылғанмәліметтердің және ұсынылғанқұжаттардыңдұрыстығы үшінҚазақстанРеспубликасыныңқолданыстағызаңнамасынасәйкесжауаптыболамыз.

Басшының қолы

 

Ескерту:

* cериялықөнімніңшығутегітуралы сертификат алуғаөтінішбергенжағдайдатолтырылмайды.

  1. ҚазақстанРеспубликасыСаудажәне интеграция министрлігініңСыртқысаудақызметідепартаментізаңнамадабелгіленгентәртіпте:

1) осы бұйрықтыҚазақстанРеспубликасыӘділетминистрлігіндемемлекеттіктіркеуді;

2)      осы бұйрықтыҚазақстанРеспубликасыСаудажәне интеграция министрлігінің интернет-ресурсындаорналастырудықамтамасызетсін.

  1. Осы бұйрықтыңорындалуынбақылаужетекшілікететінҚазақстанРеспубликасыныңСаудажәне интеграция вице-министрінежүктелсін.
  2. Осы бұйрықалғашқыресмижарияланғанкүніненкейінкүнтізбелік он күнөткенсоңқолданысқаенгізіледіжәне 2021 жылғы 10 қаңтарғадейінқолданылады.

 

 

 

Лауазымы

 

Т.А.Ә.

 

 

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

ҚазақстанРеспубликасы

Қаржыминистрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

ҚазақстанРеспубликасы

Ауыл шаруашылығыминистрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

ҚазақстанРеспубликасы

Энергетика министрлігі

Бұйрық
Дата публикации
30 июля 2020