Обзор ключевых положений Соглашения о свободной торговле между Евразийским экономическим союзом и Социалистической Республикой Вьетнам

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім бойынша анықтамалық ақпарат

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылдың 19 желтоқсанындағы №27 шешіміне сәйкес Кеден Одағы елдеріне Еуразиялық экономикалық комиссия алқасымен бірлесе отырып, Вьетнам Социалистік Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасау бойынша келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Осы елмен келіссөздер 2013 жылдың наурыз айында басталып, 2015 жылдың наурыз айында 8 раунд қорытындысы бойынша аяқталды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №14 шешіміне сәйкес, бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2015 жылғы 29 мамырда Бурабай кентінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде қол қойылды.

Анықтама: Келісім келесі бөлімдерден тұрады: құқықтық мәселелер, тауарлар саудасы, сауда қорғау шаралары, СФС, СТК, зияткерлік меншік құқығын қорғау, бәсекелестік, қызметтер саудасы және инвестициялар, электрондық сауда, шығу ережесі және Кедендік ынтымақтастық, тұрақты даму. Жалпы барлық бөлімдер еркін сауда аймақтарын қалыптастыру туралы ДСҰ нормаларын ескере отырып әзірленді.

Тауарлар Саудасына арналған бөлім Келісімге қатысушылардың өзара саудасындағы тауарлардың көпшілігі үшін бажсыз қолжетімділікті көздейді. Бұл ретте, ЕАЭО мүше-мемлекеттер үшін сезімтал тауарларға тарифтік қорғау сақталған: ет және сүт өнімдерінің барлық түрлері, шай, кофе, қант, еритін сусындар, құбырлар, механикалық және электр жабдықтарының жекелеген түрлері, жеңіл және жүк автомобильдері, тартқыштар және т.б. сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің аса сезімтал тауар позицияларына қатысты кедендік баждарды РНБ деңгейінде қолдану мүмкіндігі сақталады (киім және аяқ киім).

Қызметтер мен инвестициялар саудасы бөлімі бойынша Қазақстан қатысушы болып табылмайды. Келісім тілі ағылшын тілі болып табылады.

Жалпы, келісім өзара саудада кедендік баж салығын жою арқылы сауданы ырықтандыруды, жобаның барлық қатысушылары үшін тиімді жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін келісуді, сауданы оңайлату және бизнес үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдету мақсатында Тараптардың құзыретті органдары арасындағы байланыстарды қарқындату туралы уағдаластықтарға қол жеткізуді көздейді. Көрсетілген шаралардың жиынтығы, ең алдымен, тауар айналымының тікелей ұлғаюымен ғана емес, сондай-ақ инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдетумен де көрінетін екі жақты және көп жақты преференциялық сауданың мультипликативтік әсерін жасауға бағытталған.

справка
Дата публикации
15 июля 2020