2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:
1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ, сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.
Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:
2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.
2022 жыл 17 маусымда ашық НҚА интернет-порталында жария талқылануға орналастырылды, ашық НҚА интернет-порталында заң жобаларын орналастыру туралы, ҰКП, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті меморгандарға хабарлама жіберілді.
2022 жыл 15 маусымда № 291-НҚ СИМ бұйрығымен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми құқықтық, экономикалық сараптама қорытындылары алынды, қоғамдық бірлестіктер пайдасына РӘТ айыппұл бойынша оң қорытынды алынды.
Бүгінгі күнде заң жобалары бүкіл тиісті меморгандармен келісілді және қол қойылды (қағаз түрінде) (ПИ-84188, 84218).
2023 жылдың 30 наурызда шығ № № 01-24/1368-И, 01-24/1369-И Үкімет аппаратына енгізілді.
2023 жылғы 21 маусымда заң жобасының тұсау кесері өткізілді.
Қазіргі уақытта Үкімет қаулысы ҚР Премьер-Министрде қол қойылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін (ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының 2021 жылғы 10 маусымдағы №21-01-8. 2 Хаттамасының 4.2 тармағы) «KazakhExport «ЭС» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (бұдан әрі-Заң жобасы).
Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің (бұдан әрі – ЭКА) арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол сақтандыруға және қайта сақтандыруға лицензиясыз әрекет ететін ЭКА қолында шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік береді.
2023 жылғы 11 қаңтарда № 01-16/98-жоба Үкімет Аппаратының қарауына енгізілді.
2023 жылғы 19 қаңтарда №12-19/п-2 Үкімет аппаратымен жоба Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілді.
Қазіргі уақытта осы Заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінде жұмыс тобы жүргізілуде.