2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:
1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ, сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.
Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:
2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.
2022 жыл 17 маусымда ашық НҚА интернет-порталында жария талқылануға орналастырылды, ашық НҚА интернет-порталында заң жобаларын орналастыру туралы, ҰКП, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті меморгандарға хабарлама жіберілді.
2022 жыл 15 маусымда № 291-НҚ СИМ бұйрығымен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми құқықтық, экономикалық сараптама қорытындылары алынды, қоғамдық бірлестіктер пайдасына РӘТ айыппұл бойынша оң қорытынды алынды.
Бүгінгі күнде заң жобалары бүкіл тиісті меморгандармен келісілді және қол қойылды (қағаз түрінде) (ПИ-84188, 84218).
Қазіргі уақытта ЖС қол қойылуда (қағаз түрінде).