Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат 2023 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша

  1. Үкіметтің ағымдағы жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарында Министрлікпен келесідей заң жобаларын әзірлеу көзделген:

1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Ұсыну мерзімдері 2023 жыл: ақпан - ӘМ,  сәуір - Үкімет, мамыр - Парламент.

         Заң жобалары бойынша қазіргі жағдай:

         2022 жыл 13 сәуір заң жобалары тұжырымдамалары заң жобалау қызметі МВК шешімімен мақұлданды № 581.

2022 жыл 17 маусымда ашық НҚА интернет-порталында жария талқылануға орналастырылды, ашық НҚА интернет-порталында заң жобаларын орналастыру туралы, ҰКП, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті меморгандарға хабарлама жіберілді.

         2022 жыл 15 маусымда № 291-НҚ СИМ бұйрығымен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы бекітілді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми құқықтық, экономикалық сараптама қорытындылары алынды, қоғамдық бірлестіктер пайдасына РӘТ айыппұл бойынша оң қорытынды алынды.

Бүгінгі күнде заң жобалары бүкіл тиісті меморгандармен келісілді (ПИ-84188, 84218).

Қазіргі уақытта меморгандарда қол қойылуда (қағаз түрінде).

  1. Басым заңдардың жобалары бойынша ақпарат (Мемлекет басшысы заңдардың жобаларын басым деп айқындаған кезден бастап ұсынылады) - басым заң жобалары жоқ.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобалары бойынша ақпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларынан туындайтын заң жобалары жоқ.

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат 2023 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша
Дата публикации
24 февраля 2023