«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының
2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы
31 мамырдағы № 382-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.