«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы
18 мамырдағы № 118-НҚ бұйрығының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 118-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
- осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне күнтізбелік үш күн ішінде мәлімет үшін жіберуді;
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов