Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.
- «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақта 8), 12), 23), 49), 57) және 58) тармақшалары алып тасталсын;
33-1 және 33-2-тармақтары алып тасталсын;
33-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын іске асыруды өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау ұйымдары, қайта өңдеу кәсіпорындары жүзеге асырады.»;
33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-5. КТО функцияларына:
- ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, дайындаушы ұйымдардың және қайта өңдеуші ұйымдардың өнімдерін қабылдау, орналастыру, сақтау және дайындау;
- тиісті мамандардың, зертханалардың және арнайы жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында іске асырылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;
- сатушыларды қазіргі заманға сай сауда технологияларына сәйкес сауда орнымен қамтамасыз ету;
- КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;
- өнімді сату алдындағы дайындау;
- тауар партияларын жинақтау;
- өнімді сақтау;
- өнімнің көтерме саудасы;
- арналардың және өнім түсу көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);
- өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындау ұйымдарына және қайта өңдеу кәсіпорындарына ақпараттық және консультациялық көмек;
- КТО-да іске асырылатын өнімнің бағаларын күн сайын жинау және оларды КТО интернет-ресурстарында (болған жағдайда) және көру үшін қолжетімді орындарда орналастыру кіреді.»;
33-7-тармақ алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі