ДСҰ-НЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ІШКІ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
I БӨЛІМ
- Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі Бас келісімнің («Келісім») ережелерін Келісімнің VI.4-бабына сәйкес дамыту мақсатында мүшелер ішкі реттеу жөніндегі мынадай Қағидалармен келісті («қағидалар»)[1].
- Мүшелер көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар, әсіресе дамушы мүше елдердің лицензиялау талаптарымен және рәсімдерімен біліктілік талаптарымен және рәсімдерімен, сондай-ақ басқа мүшелердің техникалық стандарттарымен, атап айтқанда, неғұрлым ен төмен дамыған мүше елдердің көрсетілетін қызметтерді ұсынушылары бетпе бет келуі мүмкін нақты қиындықтарын мойындайды.
- Мүшелер өз саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін өз аумағы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ұмынуға қатысты жаңа қағидаларды реттеу және енгізу құқығын мойындайды.
- Мүшелер әр түрлі елдерде, әсіресе дамушы мүше елдерге және ең төмен дамыған мүше елдерге қатысты көрсетілетін қызметтерді реттеудің даму дәрежесіне қатысты қолданыстағы асимметрияны одан әрі таниды.
- Осы Қағидалар оларды орындауға қатысты қандай да бір реттеуші ережелерді ұйғаратын немесе күштеп таңылатын Қағидалар ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
- Осы Қағидалар Келісім мүшелерінің қандай да бір міндеттемелерін кемітетін қағидалар ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
Секторлық қамту және Тізбелерді жасау тәртібі
- Мүшелер II бөлімнен тәртіптерді Келісімнің XVIII бабына сәйкес қосымша міндеттемелер ретінде өз Қосымшаларына енгізеді. Мүшелер қаржылық қызметтер саласындағы өз міндеттемелері үшін III бөлімге баламалы тәртіптерді енгізуді таңдай алады.
- Осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес белгіленген тәптіптер нақты міндеттемелер қабылданған жағдайларда қолданылады. Сонымен қатар, мүшелерге осы тәртіптер қолданылатын қосымша секторларды өз Кестелеріне қосу ұсынылады.
- Мүшелер II бөлімнің 22 (d) параграфында және III бөлімнің 19 (d) параграфында жазылған тәртіпті осы Бөлімнің 7-параграфында көзделген қосымша міндеттемелерден алып тастай алады.
Дамыту
Дамушы мүше елдер үшін өтпелі кезеңдер
- Дамушы мүше ел осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін 7 жылдан аспайтын өтпелі кезеңнен кейінгі күні жүзеге асыру үшін осы Қағидалардың ерекше ережелерін айқындай алады. Көрсетілетін қызмет жекелеген секторлары немесе көрсетілетін қызметтің кіші секторлары үшін өтпелі кезеңдер белгіленуі мүмкін. Өтпелі кезеңдер Ерекше міндеттемелердің тиісті тізімдерінде көрсетілуге тиіс. Жүзеге асыру үшін өтпелі кезеңді ұзартуды талап ететін дамушы мүше ел тиісті рәсімдерге сәйкес сұрау салуға тиіс.[2] Мүшелер сұрау салатын мүшенің нақты мән-жайларын назарға ала отырып, осындай сұрау салуды қанағаттандыруға түсіністікпен қарайды.
Ең төмен дамыған мүше елдердің қатысуы
- Аз дамыған мүше елдер Қағидаларды осы Бөлімнің 7-параграфына сәйкес өздерінің Ерекше міндеттемелер тізбелеріне ең төмен дамыған ел мәртебесінен шыққанға дейін алты айдан кешіктірмей енгізуге тиіс. Ең төмен дамыған мүшелер осы уақытта осы Бөлімнің 10-параграфына сәйкес өтпелі кезеңдерді белгілей алады. Алайда, ең төмен дамыған мүше елдер осы Қағиларды олар аяқталғанға дейін олардың жеке дара іске асыру мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мөлшерде қолдануға шақырылады.
Техникалық көмек және әлеуетті арттыру
- Мүмкіндігі бар дамыған және дамушы мүше елдер дамушы елдер үшін, олардың ұсылуына сәйкес және өзара келісілген мерзімдер мен қойылатын шарттар негізінде өзгелер арасында:
- көрсетілетін қызметтерді ұсынуды реттеу және осы Қағидаларды, әсіресе өтпелі кезеңдер қолданылатын ережелер мен секторларды енгізу үшін институционалдық және реттеушілік мүмкіндіктерді дамыту және нығайту;
- экспорттық нарықтардағы қажетті талаптар мен рәсімдерге сәйкестікті қамтамасыз ету үшін дамушы мүше елдерден және әсіресе ең төмен дамыған мүше елдерден көрсетілетін қызметтерді ұсынушыларғы жәрдемдесу;
- тиісті халықаралық ұйымдарда техникалық стандарттарды енгізуге және дамушы мүше елдердің, әсіресе ресурстары шектеулі ең төмен дамыған елдердің қатысуына жәрдемдесу; және
- дамушы мүше елдерден көрсетілетін қызметтерді ұсынушыларға олардың нарықтарында ішкі реттеу тәртәптеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін олардың әлеуетін арттыруда мемлекеттік немесе жеке органдар мен халықаралық ұйымдар арқылы жәрдем көрсету мақсаты алға қойса, техникалық жәрдем беру және дамушы елдер үшін, атап айтқанда, АДЕ үшін әлеуетті арттыру жолымен көтермеленеді.
[1] Мүшелер бұдан әрі ережелер Келісімнің VI:4-бабына сәйкес жетілдірілуі мүмкін екенін мойындайды.
[2] Тиісті рәсімдер Марракеш келісімінің IX бабының 3 (b) тармағына сәйкес бас тарту туралы сұрау салуды немесе ГАТС-тің XXI бабын қолдануды қамтиды