Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интгерация министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін.
  2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
  • Министрліктің Операциялық жоспары іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалауын қамтамасыз етсін;
  • тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Министрліктің Операциялық жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты Стратегиялық және цифрландыру департаментіне
    (бұдан әрі - Департамент)
    ұсынсын.
  1. Департамент:
  • тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Операциялық жоспардың орындалуы жөніндегі есептік ақпаратты Министрліктің жауапты хатшысына ұсынсын.
  • осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Жауапты хатшы                                                                      Ж. Нөпіров

 

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылғы операциялық жоспары
Дата публикации
13 декабря 2019