Қазақстандық тауарлардың негізгі экспорттық нарықтары Қытай, Италия және Ресей болып табылады
Қытайға, ЕО елдеріне және Орталық Азияға жеткізілімдер айтарлықтай өсті. Қазақстанда өндірілген өнімнің 57 пайызы экспортқа шығарылды.
Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 29,5%-ды құрайды. Тауар нарықтарының саны 112-ден 120 елге дейін өсті.
2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өңделген тауарлардың экспорты 36,6%-ға өсті.
Өнеркәсіптік (+33,5%) және ауыл шаруашылығы (+76,8%) тауарларының шикізаттық емес экспорты өсті.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында қызметтер экспорты 21,7%-ға өсті.
Экспортталатын қызметтердің негізгі түрлері көлік қызметі, саяхаттау және басқа да кәсіпкерлік қызметтер болып табылады.