«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 90-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 90-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20477 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 сәуірде ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде:

реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Стратегия және цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

               Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі                                                                                                     Б. Сұлтанов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 90-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
18 мая 2020