Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!
Слайд 1. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі сауда саласының даму көрсеткіштері айтарлықтай бәсендегені байқалуда. Сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ке төмендеді.
Негізгі құлдырау сәуір айында, яғни бүкіл ел бойынша карантиндік шаралар енгізілген кезде байқалады. Жалпы алғанда, сауда саласы ағымдағы жылдың сәуірінде өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 34,8% - ке, оның ішінде бөлшек сауда 44,7% - ке, көтерме сауда 27,8% - ке төмендеді.
Төтенше жағдайға байланысты сауда объектілерінің тоқтап қалуы сауданың төмендеуінің басты себебі болып табылады. Республикалық ішкі саудының құрылымында тек Алматы қаласының үлесі 40 процентті құрайды. Карантиндік режим, Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде «Қорғас» Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығының тоқталуы қаңтар-сауір айларында аймақтағы саудының құлдырауын туғызды.
Бұдан басқа теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранымын төмендетті.
Сауда объектілері карантиндік режимді сақтай отырып бірте-бірте ашылады. Дегенмен, сауданы жандандыру үшін басқа да шаралар қабылдануы қажет. Бұл проблеманы жүйелі түрде жедел шешімдерді табу қажеттілігін ағымдағы дағдарыс тағыда айқындап берді.
Әкімдер сауда инфрақұрылымның жағдайына ерекше назар аударуы маңызды. Көтерме тарату орталықтарын салуды бастап, сауда нарықтарының одан әрі жаңғыртуын тездетуіміз қажет. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдары кеңейтілетін болады, сауда желілерімен «айнылым» схемасы мен форвардтік сатып алу дамып, электрондік сауда жаңа серпін алады. Кешегі мемлекет комиссиясының отырыснда Президент Тоқаев Қ.К. нақты тапсырмаларды берді.
Слайд 2. Ішкі сауданың баяулауы аясында электрондық коммерция кеңінен дамыды.
Тек ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық интернет алаңдарында сатып алу көлемі 89 млрд.теңге сомасын құрады.
Алматы қаласында карантин кезінде онлайн сатылым көрсеткіштері 4 есеге асып, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбай 50 мыңнан астам азамат қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алды.
Электронды коммерция қоса қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарда ілгерілеуіне септігін тигізеді.
Қазақстандық цифрлық сауда алаңшаларының ашылуын қолдауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр.
«Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы әзірленіп, Alibaba халықаралық платформасы арқылы 50 қазақстандық кәсіпорын өз өнімін экспорттауға мүмкіндік алды.
Қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілетті болу үшін біз сервистік экономика құруға бағдар алдық.
Слайд 3. Сыртқы саудаға келетін болсақ, бұл секторда оң динамика байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% - ке артып, 21 млрд АҚШ долларын құрады.
Осы ретте, экспорт көрсеткіші 13,9 млрд. АҚШ долларға жетіп, яғни 4,2% - ке өсті, ал импорт көрсеткіші 0,1%-ке азаюына байланысты сауда балансы жақсарды.
Бұл жерде ыстықтай илектелген жазық прокат (72%-ке), минералды тыңайтқыштар (53%-ке), күнбағыс майы (60,8%-ке) және тағы басқа тауарлар бойынша экспорт артты. Шикі заттық емес экспорттың айналымдағы үлесімінде деңгейін арттыру жұмыстарын тез ету қажеттілігін COVID-19 – дің пандемиясы бізге нақты сабақ беріп отыр. Экспорттық қызметтің құлдырауының аясында тұрақтылыған сыртқы сұранысы бар каналдарды ашатын болады.
Слайд 4. Экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдау инструменттері көзделген және жұмыс тоқтатылған жоқ. 2020 жылы экспорттаушылардың транспорттық шығындарын өтеуі жалғасын тапты.
7,7 млрд. теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда
215 млн. теңге сомасында 20 өтінім мақұлданды (майлы тұқымдарды, ұнды, кондитерлік өнімдерді және арнайы киімдерді ҚХР, РФ және ЕО елдеріне (Бельгия, Латвия).
Дағдарысқа аясында экспорттаушыларды қолдау бойынша орталық ашылып оның ішінде
120-дан астам өтініш қарастырылды.
Слайд 5.
Экспорты ілгерілетіп жаңа нарықтарға шығару үшін 16 тауар позициялары бойынша жұмыс жоспарлары әзірленді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақэкспорт желісі бойынша 39 отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетілді, соның ішінде 6 млрд теңгеден астам сомасы Төтенше Жағдай кезеңінде.
Тауарлардың сапасын арттыру және сертификация рәсімдерін жетілдіруге арналған «Техникалық реттеу жайында» заң жобасы қазір Мәжілістің қаралуында.
Жалпы, біз экспорттаушылардың қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдірудеміз.
Назарларыңызға рахмет!