Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы ақпарат

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы ақпарат

Шарттық-құқықтық база

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негіздерін дамыту мақсатында Министрлік құрылған күннен бастап 13 шет мемлекетпен (Швейцария Конфедерациясы, Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина, Әзірбайжан Республикасы, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Моңғолия) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен 24 құжат жасалды.

Қазіргі уақытта қосымша 7 құжат әзірленіп контр-әріптестермен мақұлдануда.

 

Аймақаралық ынтымақтастық форумдары

Министрлік Қазақстанның негізгі сауда серіктестерімен
4 аймақаралық ынтымақтастықтың форумының жұмыс органы болып тасбылады: Ресей (мемлекет басшылары деңгейінде), Өзбекстан мен Қырғызстан (Премьер-Министрлер деңгейінде), Қытай (Премьер-Министрлердің бірінші орынбасарлары деңгейінде)

  1. 2021 жылғы 28-30 қыркүйекте Мемлекет басшыларының қатысуымен «Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастығы Форумы онлайн режимде ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық Форумын 2022 жылы Орынбор қаласында (РФ) өткізу жоспарлануда.

  1. 2021 жылғы 25-26 қарашада Түркістан қаласында Үкімет басшыларының қатырсуымен «Трансшекаралық ынтымақтастық өсудің жаңа нүктелері ретінде» Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың III Форумы өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы IV аймақаралық ынтымақтастық Форумын 2022 жылы Өзбекстан Республикасының аумағында өткізу жоспарлануда.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар мен жұмыс топтары

Министрлік 41 Үкіметаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің және 31 шет мемлекетпен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс топтарының жұмыс органы болып табылады (2021 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық тауар айналымы – $88 млрд. астам), оның ішінде
2-Премьер-министр деңгейінде, 4-Премьер-Министрлер орынбасарлары деңгейінде, 13-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары деңгейінде Премьер-Министр – Сауда және интеграция министрі, 14-Вице-министр деңгейінде және 8 Вице-министр деңгейінде жұмыс тобы.

Министрлік құрылған сәттен бастап Швейцариямен, Ресеймен
(3 іс-шара), Өзбекстанмен (4 іс-шара), Украинамен (2 іс-шара), Үндістанмен, ҚХР-мен, Моңғолиямен, Армениямен, Белоруссиямен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен, Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 29 Үкіметаралық комиссия мен Жұмыс тобы өткізілді (3 іс-шара), Литва, Австрия, Сауд Арабиясы Арабия, Чехия, Испания, Пәкістан, ЕО (2 іс-шара), АҚШ, сондай-ақ ТИФА.

Пандемияға қарамастан, 2020 жылы онлайн форматта Үкіметаралық комиссиялардың, оның ішінде тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс топтарының 10 отырысы өтті.

Информация о торгово-экономическом сотрудничестве
Дата публикации
21 апреля 2022