Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы» № 710 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы» № 710 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабы 2 тармағына және 27 бабы 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
    2018 жылғы 12 қазандағы «Сәйкестікті растау ережесін бекіту туралы»
    № 710 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы
    19 қарашада № 17758 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Сәйкестікті растау ережелері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалады.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды  қамтамасыз етсін.   

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызметі                                                                               Аты-жөні

 

Бұйрық
Дата публикации
15 апреля 2020