Сәйкестік туралы декларация нысанын бекіту, рәсімдеу және тіркеу тәртібі туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғдың 9 қарашадағы Заңының 31-бабы 3-тармағының екінші бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларация нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияны рәсімдеу және тіркеу тәртібі.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
13 апреля 2020