"QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 - 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»;     

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясында:

орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 - 2024 жылдарға арналған даму жоспары»;     

«1. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:

 «Қоғамның қызметіне әсер ететін сыртқы саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды талдау» деген 1.1.1-кіші бөлімде:

бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамның қызметіне әсер ететін сыртқы факторларды талдау үшін және Қоғамның даму жоспарын (бұдан әрі – даму жоспары) іске асыру перспективаларына мынадай бағыттар бойынша PEST-талдау жүргізілді:

1) cаяси;

2) экономикалық;

3) әлеуметтік;

4) технологиялық.

«Экономикалық факторлар» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономикалық факторлар

Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және болашақта Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жағымды экономикалық факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда іскерлік орталықтың болмауы Қоғамға шетелдік және жергілікті компанияларды тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді;

Мемлекет басшысының ел экономикасын әртараптандыру мақсаты елде және Нұр-Сұлтан қаласында экономиканың елеулі өсу қарқыны орталықтың іскерлік белсенділігіне және халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде халықтың Қоғам көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттырады. The Economist Intelligence Unit болжамына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі (бұдан әрі – ЖІӨ) 2018 – 2022 жылдары 2,7%-дан – 3,3%-ға дейін өседі, ал инфляция 2022 жылы 7,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендейді;

тиімділікке салынған инвестициялар, оның ішінде энергетикалық тиімділікке және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инвестициялар, сондай-ақ мемлекеттің 2050 жылға дейін еліміздің энергияны қажет етуінің қарқынын 50% төмендету мақсаты Қоғамға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төмендетуіне септігін тигізеді;

Нұр-Сұлтан қаласында ККІ өткізу үшін үлкен алаңдардың болмауы, сондай-ақ Қоғамның осы саладағы негізгі ойыншылармен ынтымақтасу мүмкіндігінің болуы оның іс-шараларды өткізу алаңдарын жеткізушісі ретіндегі әлеуетін арттырады;

Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процесс базалық нарықтарды кеңейтеді, Нұр-Сұлтан қаласының және жалпы еліміздің іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал етеді, ККІ өткізу мүмкіндігін кеңейтеді.

Даму жоспарын іске асыруды қиындату тәуекелдерін арттыратын және Қоғамның қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін теріс экономикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады:

ел экономикасының мұнайға айтарлықтай тәуелділігі, сондай-ақ қазба отын қорының сарқылуы және мұнай бағасының құбылмалы болуы елдегі экономикалық жағдайға, сол арқылы Қоғам көрсететін қызметтерге деген сұранысқа (музейге, іс-шараларға, концерттерге қатысу және т.б. бару) теріс әсер етуі мүмкін;

еліміздің салаларының технологиялар, шикізат пен материалдарды шет елдерден жеткізуге айтарлықтай тәуелділігі Қоғамның құрылыс және реконструкциялау процестеріне, объектілерді басқару үшін жаңа технологияларды енгізуге, энергия тиімділігін арттыруға, «Нұр-Әлем» контентін жаңартуға және т.б. жұмсалатын шығасыларын арттырады;

энергия көздерінің, оның ішінде балама көздер құнының жоғарылығы, бұл қазба отынмен салыстырғанда балама энергия көздерінің көмегімен өндірілетін электр энергиясының өзіндік құнын арттырады және энергетикалық сектор мен Қоғамның көмірге тәуелділігін арттырады;

ішкі өткізу нарығының шектеулілігі, атап айтқанда, коммерциялық алаңдарды жалға беру бойынша шектеулілік;

әлемнің басқа астаналарымен салыстырғанда, Нұр-Сұлтан қаласының іскерлік белсенділік деңгейі төмен, бұл Қоғам объектілері жүктемесінің төмендеуіне әкеп соқтырады;

MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығының жақын жерде орналасуы Қоғамның сауда алаңдарын жалға берушілердің қызметтеріне деген сұраныстың төмендеуін ынталандырады;

Astana Hub үшін жалдаудың төмендетілген мөлшерлемесі Қоғамның кірісін айтарлықтай төмендетеді;

басқа резиденттерге жалдау мөлшерлемесін төмендету немесе оларды жалдау ақысынан босату ықтималдығы.»;

«Әлеуметтік факторлар» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік факторлар

Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және перспективада Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жағымды әлеуметтік факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған және музей мен қосымша іс-шараларға баруды ынталандыруға арналған «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын дамыту;

Астана агломерациясының белсенді дамуы халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға және туризмді дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қоғам көрсететін қызметтерге сұранысты арттырады;

білім беру деңгейінің өсуі, ол «Нұр-Әлем» сферасындағы ғылыми, интерактивті экспонаттар мен іс-шараларға деген қызығушылықты арттырады.

еліміздің, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының демографиялық өсуі;

туризмнің дамуы.

Қоғамның өсуін тежейтін теріс әлеуметтік факторларға мыналарды жатқызуға болады:

Нұр-Сұлтан қаласы басым болып табылатын шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін халық табысының төмендігі;

ел халқының «Болашақ энергиясы» және инновациялар тақырыбы туралы хабардар болу деңгейінің төмендігі, бұл «Нұр-Әлем» сферасы қызметінің әлеуетін төмендетеді;

музейлер мен көрме іс-шараларына келу көрсеткішінің төмендігі;

мәдениет саласындағы қайырымдылық институтының даму деңгейінің төмендігі, бұл «Нұр-Әлем» сферасы кірісінің құрылымын әртараптандыруға теріс әсер етеді;

кəсіпорындар өз қызметін тоқтатқан жағдайда қызметкерлерді қысқарту жəне жұмыстан босату қаупі, бұл халық табысының төмендеуіне əкеп соқтырады.»;

«Технологиялық факторлар» деген тарауда:

бірінші және екінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын: 

«Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және перспективада Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын позитивті технологиялық факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

әлемдегі жоғары технологиялардың жылдам өсуі «Нұр-Әлем» сферасын жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады;

технологиялар трансфертін дамыту Қоғамның жаңа технологияларды пайдалануы мен енгізуін жеңілдетеді;

ақпараттық технологиялар саласын дамыту және ақпараттандыру бағдарламаларына қолжетімділіктің өсуі Қоғам қызметінің, оның ішінде «Нұр-Әлем» сферасының қызметі мен ККІ өткізудің маңыздылығы мен құндылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді;

энергия мен су ресурстарын үнемдеуге арналған тиімділігі жоғары заманауи технологиялардың пайда болуы Қоғамға коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді;

өндірісте тиімділігі жоғары технологиялар мен жабдықтардың пайда болуы мен енгізілуі елдің энергетика секторында және сумен жабдықтау секторында шығасыларды қысқартуға мүмкіндік береді.

Даму жоспарын іске асыруға кері әсер ететін факторларға мыналар жатады:

елімізде жоғары технологиялы компаниялар санының жеткіліксіз болуы, бұл шетелдік жеткізілімдерге тәуелділікті сақтап отыр;

елдегі инженерлік және конструкторлық құзыреттіліктер деңгейінің төмендігі жоғары технологиялы жаңа компанияларды құру және жоғары технологияларға қызмет көрсету мүмкіндіктеріне теріс ықпал етеді;

инженерлік және конструкторлық институттар мен мектептер деңгейінің төмендігі инженерлік және конструкторлық құзыреттілік деңгейіне теріс әсер етеді;

процестердің экологиялық қауіпсіздігі деңгейінің төмендігі Қоғамның «жасыл экономика» қағидаттарын ұстану мүмкіндігін төмендетеді.»;

«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі» деген бөлімде:

«Стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелдері» деген 4.3-кіші бөлімде:

 бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

 «4.3 Стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелдері

Даму жоспарын табысты іске асыру мақсатында нысаналы стратегиялық көрсеткіштерге қызметтің алты негізгі бағытының шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет:

1) «Нұр-Әлем» сферасының жаңа іскерлік орталықтың символы ретінде және туристерді тарту нүктесі ретінде жұмыс істеуі:

Сфераның толтырылуы – келудің нысаналы мәніне қол жеткізу;

қосымша кіріс үлесі – Сфера кірістерінің құрылымындағы қосымша кірістің нысаналы мәніне қол жеткізу;

2) сервистік көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыруды қоса алғанда, объектілер мен мүлікті басқару:

коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару бойынша қызметтің кірістілігі – жалдау мөлшерлемелерін басқарудан, объектілердің толтырылуын қамтамасыз етуден және объектілерді ұстау шығыстарын оңтайландырудан тұрады;

3) ККІ өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу:

ККІ бағыты шеңберінде қызметтің кірістілігі кірісі барынша жоғары іс-шараларды басқару мен таңдаудан тұрады;

4) инвестициялық жобаларды іске асыру:

инвестициялық жобаларды табысты аяқтау;

нысаналы ақша қаражатын алу;

5) Қоғамның орнықты дамуы:

әлеуметтік жауапкершілікті арттыру кадрлардың тұрақтамауын басқарудан және персоналдың барынша тартылуын қамтамасыз етуден тұрады;

Қоғамның трансформациясы бизнес-процестердің және ұйымдық құрылымның мақсатты моделіне көшуден, сондай-ақ оңтайландырылған қызметтің тиімділік көрсеткіштерінің жүйесін енгізуден тұрады;

оң EBITDA margin қамтамасыз ету арқылы операциялық шығынсыздыққа қол жеткізу;

6) сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарының инфрақұрылымын құру және басқару:

жер учаскелерін алу;

инфрақұрылым нысандарын салу және пайдалануға беру.»;

«Стратегиялық бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың орындалмау тәуекелдері» деген 4.4-кіші бөлімде:

бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамның өзектілендірілген даму жоспарының шеңберінде қызметтің алты түйінді бағытын атап көрсетуге болады:

«Нұр Әлем» сферасының жаңа іскерлік орталықтың символы ретінде және туристерді тарту нүктесі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

объектілер мен мүлікті басқару, сервистік көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыру;

ККІ өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу;

инвестициялық жобаларды іске асыру;

Қоғамның орнықты дамуы;

сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарының инфрақұрылымын салу және басқару.»;

 «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

         «QazExpoCongress» ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

1-қосымша

»;

»;

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

                                                                                    «QazExpoCongress» ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

2-қосымша

»;

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 3-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

         «QazExpoCongress» ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

3-қосымша

»;

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

      «QazExpoCongress»   ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

4-қосымша

»;

 «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 5-қосымшада:

жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

«QazExpoCongress» ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

5-қосымша

»;

бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 – 2018 жылдар кезеңінде Қоғамда 2 стратегиялық бағыт айқындалған болатын:

1-стратегиялық бағыт. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу және «Болашақ энергиясы» технологияларын дамыту үшін инновациялық инфрақұрылым құру.

2-стратегиялық бағыт. ЭКСПО-2017 мұрасын пайдалану

Бұл ретте даму жоспарының осы кезеңге (2015 – 2018 жж.) арналған ПӘК картасы 1-кестеде келтірілген.»;

 «Даму стратегиясының алдыңғы нұсқасының стратегиялық мақсаттарына арналған ПӘК картасы» деген 1-кестеде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«1-кесте. даму жоспарының алдыңғы нұсқасының стратегиялық мақсаттарына арналған ПӘК картасы»;

«Компанияның даму стратегиясының мақсаттары» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Компанияның даму жоспарының мақсаттары»;

«Компанияның даму стратегиясының міндеттері» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Компанияның даму жоспарының міндеттері»;

«Компанияның даму стратегиясының түйінді көрсеткіштері (сандық немесе сапалық)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Компанияның даму жоспарының түйінді көрсеткіштері (сандық немесе сапалық)»;

екінші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«даму жоспарының ПӘК деректерін іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:»;

«QazЕxpoCongress» ҰК» АҚ стратегиялық картасындағы түйінді ұлттық индикаторлардың декомпозициясы» деген 3-кестеде:

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары»;

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«

         «QazExpoCongress» ұлттық

компаниясы» акционерлік

қоғамының 2015 – 2024

жылдарға арналған даму

жоспарына

6-қосымша

».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                  А. Смайылов

 

 

 

 

ПП РК
Дата публикации
15 февраля 2022