"Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардыңберілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентін айқындау туралы

 

 

Өнеркәсіптік саясат туралы Қазақстан Республикасы Заңының
38-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агенті болып «Даму» өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы айқындалсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                      Премьер-Министрі        

 

             Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

 

«Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

       ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер

Жоба «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 5 ақпандағы №20-15/435 тапсырмасына сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыруға арналған 2022 жылғы қаражат «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Жобаны қабылдау Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентін айқындауды көздейді.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ны саудалық қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агенті ретінде айқындауға мүмкіндік береді.

Экономиканың өңдеуші секторы өнімдерінің экспортын дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы және қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, субсидиялаудың осындай тетігін енгізуді көздеген Үкіметтің 2017 жылғы 26 тамыздағы №511 қаулысымен бекітілген «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасындағы мақсаттардың бірі және басым міндеті болып табылады.

Күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік:

1) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты оларды қаржыландыру құнын әлемдік нарықта импорттаушыларға қолайлы деңгейге дейін келтіру есебінен шетелде арттыру (ЭЫДҰ Консенсусының CIRR ставкасынан төмен емес);

2) экспорттық түсімді 9804 млн. теңгеге дейін ұлғайту және ЕДБ қаражатын 8 333 млн. теңгеге дейін тарту;

3) әлеуметтік тиімділік кемінде 1 млрд.теңгені құрайды. Жобаға қатысушы барлық субъектілер: экспорттаушы, шикізат пен жиынтықтауыштардың резидент жеткізушілері, олардың қызметкерлері төлейтін ақша сомасында білдірілетін;

4) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамтуды одан әрі ұлғайту болып табылады.

Осыған байланысты, субсидиялау тетігін іске асыру үшін қаржы агентін айқындау қажет.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ.

  1. Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32 дсп/22П-дсп бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, жобалар мен оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

  1. Өкімнің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің (www.gov.kz) интернет-ресурсында орналыстырылды.

  1. Тауарлар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өкім жобасына баспасөз-релиз

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкімет актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Жоқ.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

міндетін атқарушы                                                                                   Ж. Кушукова

 

ПП РК
Дата публикации
10 февраля 2022