1994 жылы 12 мамырда Алматы қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
келісімге хаттаманы (Көрсетілетін қызметтер саудасын ішкі реттеу
жөніндегі қағидалар) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 29 қарашада Женевада жасалған
1994 жылы 12 мамырда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге хаттама (Көрсетілетін қызметтер саудасын ішкі реттеу жөніндегі қағидалар) бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Смаилов