«Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосымша тізбе:
1) ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін тауарлардан:
қарастырылып отырған кезеңде көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 % немесе одан астамы белгілі бір елдің үлесіне келетін импорт құрылымындағы тауарлардан, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артуы тиіс тауарлар;
өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі импорт көлемінің ұлғаюын (және/немесе қосымша өлшем бірлігінде) көрсететін тауарлардан;
2) қарастырылып отырған кезеңде көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 10 % немесе одан астамы импорт үлесіне келетін елдердің атауларынан тұрады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Ә. Смайылов