«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» № 63-НК Сауда және интеграция министрлігі № 113 Ауыл шаруашылық министрлігі № 23 Ұлттық экономика министрлігі БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының үздіксіз тыныс-тіршілігін және экономикасын қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік және басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес енгізілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
04 апреля 2020