"«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 29-НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
    Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаментінің директорына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Бірінші вице-министр                                                                   Е. Баттаков

приказ
Дата публикации
19 января 2022