«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесі және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесі және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 11 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаментінің директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
бірінші вице-министрі Е. Баттаков