«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:
1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;
2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды;
4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;
2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;
2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.»;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады.;
5) 20°С кезінде тығыздығы 934 кг/м3 кем емес, бірақ 940,5 кг/м3 артық емес, 20°С кезінде кинематикалық тұтқырлықпен 900 мм2/с кем емес, бірақ 1100 мм2/с артық емес, құрамында күкірт % 1,9 массадан кем емес, құрамында % 2,5 массадан аспайтын парафиндер бар, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен қоса алғанда, бастапқы алынатын қорлардан жылдық іріктеу қарқыны кемінде 2% кен орындарынан қабатқа бумен әсер ету (буды қабатқа тұрақты айдау) көмегімен өндірілген шикі мұнайды әкету.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі