Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы

Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының          12-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция  министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы
Дата публикации
23 ноября 2021