Ғылыми бағдарламалар бойынша қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурс жариялайды (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша): СИМ конкурстық құжаттамасы (тіркеу қажет).

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмерін) алу үшін АҚ «ҰМҒТСО» ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі байланыс орталығы (is.ncste.kz): 8-727-355-50-01 , 8-727-355-50-02 (ішкі. 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233), дүйсенбі- жұма күндері, 9:00 дан 18:30 уақытқа дейін хабарласуға болады

Конкурсқа өтінімді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтінім берушінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зерттеу тобы мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (орталық) ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша береді: www.is.ncste.kz.

Соңғы өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2021 жылғы 10 желтоқсан. 



Конкрстық құжаттаманы түсіндіретін және өтінімді дайындау бойынша кеңес беретін жауапты тұлға – Нурдаулетова Жаннетта Бакытовна (Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Метрология және мемлекеттік қызмет басқармасының бас сарапшысы), 8 (7172) 75-05-60, ktrm_mti@mti.gov.kz .

 



 

Дата публикации
05 ноября 2021