«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде қарау мерзімін сақтау, ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының өз қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қараудағы жауапкершілігін белгілеу мәселелері бойынша өтініштерімен байланысты қатынастарды реттеу, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізу, меншік құқықтары мен шарттық міндеттемелердің қорғалуын күшейту қажеттілігі көрсетіледі, сондай-ақ олар сот ісін жүргізудің жекелеген элементтерін түзету мен жеделдетілген талап-арыз арқылы іс жүргізуді енгізуді көздейді.
Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сапасыз өнімдер мен оларды өндірушілердің тізбесін жариялау бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғауы қоғамдық ұйымдардың әлеуетін институционалды тұрғыдан күшейту және белсенді пайдаланудың қажеттігі туралы міндет қойылды.