"Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығы

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы

 

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                     Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы «__» _____

№_______ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Техникалық регламенттерді әзілеу жөніндегі жоспар

 

№
р/с

Техникалық регламент атауы*

Мемлекеттік әзірлеуші орган

Бекіту

мерзімі**

1.

Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар

ИИДМ

 

2022 жылғы

шілде

2.

Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ИИДМ

 

2021 жылғы

желтоқсан

 

3.

Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ

2022 жылғы

желтоқсан

4.

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы

АШМ

2022 жылғы

маусым

5.

Құрамында никотин бар өнімге қойылатын талаптар

ДСМ

2022 жылғы

сәуір

 

     Ескертпе:

     * Техникалық регламенттердің атауы оларды әзірлеу процесінде өзгеруі мүмкін;

     ** Техникалық регламенттерді бекіту мерзімі оларды әзірлеу процесінде өзгертілуі мүмкін.

 

     Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:

     АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

     ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

     ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму

     министрлігі.

Бұйрық
Дата публикации
19 октября 2021