Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасы Кодексінің» (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______________ қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын кейбір тауарларға қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қосымша №1
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің
______2021 жылғы №__
бұйрығымен бекітілген
Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
- Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төмен деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төмен деңгейін қолдану тәртібін белгілейді.
- Бағалардың ең төменгі деңгейі Кодекстің 444-бабының 2 – тармағына сәйкес Үкімет бекітетін бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі-тізбе) сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға белгіленеді.
- Бағалардың ең төменгі деңгейіне өзгерістер енгізу жылына екі рет жүргізіледі және бұл өзгерістер жыл сайын 1 қаңтарда және 1 шілдеде күшіне енеді.
2 тарау. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану тәртібі
- Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан импортталатын тауарға бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану туралы ресми хатты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағалардың ең төменгі деңгейінің мөлшерін айқындау үшін өз құзыреті шегінде мәліметтерді (бұдан әрі-мәліметтер) беру туралы сұрау салуды жібереді:
1)салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін және толық түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – салық органы);
2) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП)
- Салық органы және «Атамекен» ҰКП мәліметтерді уәкілетті органға сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
- Салық органынан және «Атамекен» ҰКП-дан алынған мәліметтер негізінде уәкілетті орган соңғы жазбаша жауапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағаның ең төменгі деңгейін есептеуді жүргізеді.
- Тауар бағасының ең төменгі деңгейінің мөлшері мынадай формула бойынша бөлшек сауда құны мен сауда үстемесінің орташа негізінде айқындалады:
БТД=Оқ-А * - ҚҚС-Сү
онда:
БТД-бағаның ең төменгі деңгейі,
Оқ-Қазақстан Республикасындағы тауардың орташа бөлшек құны,
А-Акциз (*- бар болса),
ҚҚС-қосылған құн салығы,
Сү - сауда үстемесі.
- Уәкілетті орган жыл сайын 1 маусымнан және 1 желтоқсаннан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне бағаның ең төменгі деңгейін жариялайды.
- Бағалардың ең төменгі деңгейі математикалық дөңгелектеу ережелерін ескере отырып, ұлттық валютада белгіленеді (көрсеткіштердің мәні 50 тиыннан төмен аз жағына дөңгелектенеді, 50 тиын және одан жоғары теңгеге дейін дөңгелектенеді).
- Әкелінген тауар үшін есеп айырысу кезінде пайдаланылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің валютасы Кодекске сәйкес тауарларды жеткізуге шарт жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептеледі.
- Бағаның ең төменгі деңгейін айқындау кезінде тауардың өлшем бірлігі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес көрсетіледі.
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне ең төменгі бағаларды бақылауды және қолдануды салық органы жүзеге асырады.
- Егер импорттаушы Тізбеге енгізілген тауарды әкелуді жүзеге асырса және шартта және тауарға ілеспе құжаттарда бағаның ең төменгі деңгейінің белгіленген мөлшерінен аз тауар бағасын көрсетсе, жанама салықтар бойынша салық міндеттемесі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация берілген күнге бағаның белгіленген ең төменгі деңгейі қолданыла отырып есептеледі.
- Егер импорттаушы Тізбеге енгізілген тауарды әкелуді жүзеге асырса және шартта және тауарға ілеспе құжаттарда бағаның ең төменгі деңгейінің белгіленген мөлшерінен артық тауар бағасын көрсетсе, жанама салықтар бойынша салық міндеттемесі бағаның ең төменгі деңгейін қолданбай, шартта және тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген баға негізге алына отырып есептеледі.
- Тауарға ілеспе құжаттары болмай, Қазақстан Республикасының аумағына ең төменгі баға деңгейі белгіленген тауарларды әкелу фактілері анықталған кезде жанама салықтарды салық органы осындай факт анықталған күнге ең төменгі баға деңгейін қолдана отырып есептеуге тиіс.
- Импорттаушының бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарларды әкелу немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану кезінде жанама салықтар бойынша есепті ұсынбау фактілері анықталған кезде жанама салықтар бұзушылық анықталған күні қолданыста болған бағалардың ең төменгі деңгейін қолдана отырып есептелуге жатады және салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жауапты болады.
- Салық органы импорттаушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, олар бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін экономикалық тергеу органдарына беріледі.