Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісім жобасы

  

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі

КЕЛІСІМ

 

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының (Қазақстан) Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі (Швейцария) «Тараптар» арасында сауданы дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Келісімнің мақсатында:

  1. a) «жауапты орган»:

(i) Қазақстан үшін: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігін

 

(іі) Швейцария үшін: Бағалы металдарды бақылау жөніндегі орталық ведомствоны білдіреді.

 

  1. b) «ұлттық заңнама» мыналарды:
  • Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және оны іске асыру үшін қабылданған заңға тәуелді актілерді, сондай-ақ ҚР СТ 967 «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар. Техникалық шарттар»;

 

  • Швейцария үшін: «Бағалы металдармен және бағалы металдардан жасалған бұйымдардың саудасын бақылау туралы» 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңды, оны іске асыру туралы 1934 жылғы 8 мамырдағы қаулыны, сондай-ақ бағалы металдар туралы заңнаманы қолдануға қатысты нұсқаулықтарды және оның кез келген өзгерістерін білдіреді.

 

  1. c) «бағалы металдар» мыналарды:

алтынды, күмісті, платинаны және палладийді білдіреді.

 

  1. d) «бағалы металдардан жасалған бұйымдар» мыналарды:
  • Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының                       1-бабының 12-тармағына сәйкес бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, түрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған ендірмелері бар не онсыз, әртүрлі асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни және декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар. Осы Келісімде анықтама ҚР СТ 967   «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар. Техникалық шарттар» ұлттық стандартының 4 және 5-бөлімдерінің 4.7 және 5.1.4 тармақтары сақталған кезде құрамында бағалы емес металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды да қамтиды.

 

  • Швейцария үшін: 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңның 1-бабының 4-тармағында көзделген металл емес материалдармен үйлестіре отырып, сынаманың заңнамалы түрде белгіленген стандартымен толықтай бағалы металдардан жасалған бұйымдарды немесе сынаманың заңнамалы түрде белгіленген стандартымен бағалы металдардан жасалған бұйымдарды білдіреді. Мұнда бағалы металдардан жасалған монеталар енгізілмеген. Осы Келісімге 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңның 1-бабының 5-тармағында көзделген сынаманың заңнамалы түрде белгіленген стандартымен бағалы металдан және негізгі металдардан (бірнеше металдардан жасалған бұйымдар) жасалған бұйымдар кіреді.

 

  1. e) «сынамалық таңба» мыналарды:
  • Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 21-тармағына сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгіні;

 

  • Швейцария үшін: 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңның 15-бабында көзделген сынамалық таңбаны білдіреді.

 

  1. f) «дайындаушының идентификаттау белгісі» мыналарды:

(i) Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4-тармағына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгіні;

 

(ii) Швейцария үшін: 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңның                9-бабына сәйкес дайындаушының фирмалық таңбасын немесе 1934 жылғы                    8 мамырдағы Жарлықтың 60-бабында көзделген тәртіпке сәйкес ұжымдық фирмалық таңбаны білдіреді.

 

  1. g) «сынамалардың заңнамалы түрде белгіленген стандарттары» мыналарды:

 

- алтын үшін:

мыңға 999 бөлікті

 

мыңға 750 бөлікті

 

мыңға 585 бөлікті

 

мыңға 375 бөлікті

- күміс үшін:

мыңға 925 бөлікті

 

мыңға 800 бөлікті

- платина үшін:

мыңға 950 бөлікті

- палладий үшін:

мыңға 500 бөлікті

білдіреді.

 

  1. h) «сынама» мыналарды:

(i) Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»                       Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19-тармағына сәйкес сынама – бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің санын;

 

(ii) Швейцария үшін: 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңның                  7-бабында және 7а-бабында көзделген сынамаларды білдіреді.

 

і) «Рентгенофлуоресцентті талдау» мыналарды:

энергиядисперсиялық рентгендік флуоресцентті спектрометрияны пайдалана отырып, сынаманы анықтауға арналған бұзылмайтын жартылай сандық сынақ әдісін білдіреді.

 

2-бап

 

Бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбамен жауапты орган:

- заңнамалы түрде белгіленген сынамалардың стандарттарына сәйкес белгіленген нақты сынаманың сәйкестігін куәландырады;

- бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы бағалы металдардың құрамын тексеруге кепілдік береді;

- бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы дайындаушының таңбасын идентификаттауға кепілдік береді.

 

 

 

3-бап

 

  1. Екінші Тараптың сынамалық таңбасының бедерімен, дайындаушының идентификаттау белгісімен және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес белгіленген сынама стандартымен бірінші Тарапқа әкелінетін бағалы металдардан жасалған бұйымдар осы зергерлік бұйымдар осы Келісімге және импорттаушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес келген жағдайда импорттаушы Тарапта жаңа талдауға және таңбалауға жатпайды.
  2. Кедендік бақылау кезінде импорттаушы Тарап өзінің уәкілетті ұйымдарына екінші Тараптың сынамалық таңбасының бедерін және импорттаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес заңнамалы түрде белгіленген стандарттарын тексере алатын бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды ұсынады.

 

4-бап

 

Өз сынамасын бір Тарапта тіркеген дайындаушы идентификаттау белгі иесі дайындаушы идентификаттау белгісін екінші Тарапта тіркеу талабынан босатылады.

 

 

5-бап

 

Осы Келісім Тараптарға сынамалық таңбасы, дайындаушының идентификаттау белгісі осы Келісімнің 3-бабында көзделген сынамалардың заңнамалы түрде белгіленген стандарттары бар бағалы металдардан жасалған бұйымдарға іріктеп тексеру жүргізуге кедергі келтірмейді. Мұндай іріктеп тексерулер бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды импорттау рәсімінің ұзақтығына әсер етпейді.

 

6-бап

 

  1. Бағалы металдардан жасалған бұйымдарды іріктеп тексеру рентгенофлуоресцентті талдау көмегімен жүргізілуге тиіс.
  2. Импорттаушы Тарап сынамасының заңнамалық түрде белгіленген стандарттарынан теріс рұқсаттарға жол берілмейді.

 

7-бап

 

  1. Екінші Тараптың сынамалық таңбасынсыз, дайындаушының сынамалық таңбасынсыз және сынамалардың заңнамалы түрде белгіленген стандарттарынсыз Тарапқа әкелінетін бағалы металдардан жасалған бұйымдар немесе егер көрсетілген сынамалар осы Келісімнің 8-бабына сәйкес екінші Тараптың жауапты органына берілген үлгілерге, эскиздерге және сипаттамаларға сәйкес келмесе және/немесе импорттаушы Тараптың сынамаларының заңнамалы түрде белгіленген стандарттарына сәйкес келмесе, бас тарту себептері толық көрсетіле отырып, экспорттаушыға қайтарылады.
  2. Импорттаушы Тараптың жауапты органы екінші Тараптың жауапты органына жоғарыда аталған жағдайлар туралы хабарлайды.

 

8-бап

 

  1. Тараптардың жауапты органдары бір-біріне мынадай деректерді:
  2. a) бағалы металдардан жасалған бұйымдарды өндіруді, сатуды және бақылауды реттейтін ішкі заңнама туралы ақпаратты;
  3. b) сынамалық таңбаның эскиздері мен сипаттамаларын, сондай-ақ металл пластиналардағы сынамалық таңбаның бедерлерінің үлгілерін;
  4. c) Тараптардың уәкілетті ұйымдары туралы ақпараты.

 

9-бап

 

  1. Әрбір Тарап өзінің ұлттық заңнамасында екінші Тараптың сынамалық таңба бедерлерінің қолдан жасалуын немесе бұзылуын, сондай-ақ екінші Тараптың жауапты мемлекеттік органы және/немесе уәкілетті ұйымдары сынамалық таңба салғаннан кейін сынамалардың заңнамалы түрде белгіленген стандарттары немесе дайындаушы идентификаттау белгісінің бедерлерінің санкцияланбаған кез келген өзгерістерін немесе алып тастауды болдырмау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
  2. Әрбір Тарап, егер оның жеткілікті дәлелдемелері болса немесе екінші Тарап:
  3. a) екінші Тараптың сынамалық таңбасы қолдан жасалған немесе дұрыс пайдаланылмаған болса;
  4. b) егер бұйым сынамалық таңбаны салғаннан кейін дайындаушының келісімінсіз немесе сынама салмай өзгертілген болса;
  5. c) дайындаушы идентификаттау белгісінің бедері өзгертілген немесе жойылған болса;

 

10-бап

 

Тараптар осы Келісімді қолдануға және түсіндіруге қатысты дауларды консультациялар мен келіссөздер арқылы шешуге тырысады.

 

 

11-бап

 

Бір Тараптың сұрау салуы бойынша Тараптар осы Келісімнің іске асырылуын бағалау қажеттілігіне және оған өзгерістер енгізу қажеттілігіне қарай консультациялар жүргізеді.

 

12 бап

 

Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды. Осы Келісім соңғы хабарлама алынғаннан кейін екінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.

 

13 бап

 

Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың кез келгені екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ету жолымен осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алған күннен кейін бір жылдан кейін тоқтатылады.

 

Осыны куәландыру үшін өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

 

[ОРЫН] бүгін [...] [КҮНІ] жасалды, әрқайсысы қазақ, неміс және ағылшын тілдерінде екі данада әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.

Мәтіндердің арасында айырмашылық болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Швейцария Конфедерациясының

Федералдық Кеңесі үшін

 

 

 

       

 

Келісім
Дата публикации
23 сентября 2021