«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 264 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасында:

1-бапта:

1) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;

10) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«40-тармақтың бірінші абзацындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;»;

Мынадай мазмұндағы жаңа 17) тармақшамен толықтырылсын:

«17) Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 28 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында және Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 29 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында «Астана және Алматы» деген сөздер «Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент» деген сөздермен ауыстырылсын».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

Жоба
Дата публикации
08 августа 2019